«Өрлеу» «БАҰО «АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ оқытушылары Б.С. Суюндыкова мен Р. Т. Самуратова педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Зеренді ауданының Қызылтаң орта мектебіне барып қайтты. Кездесу аясында кіріктірілген сыныптарда қысқа мерзімді жоспарлау және критериалды бағалау мәселелері бойынша оқыту тренингтері ұйымдастырылды. Педагогтер аттестаттау мәселелері бойынша, атап айтқанда, қызмет қорытындыларын талдамалық жинақтау бойынша консультациялар алды. Іс-шараға қатысушылардың пікірінше, кәсіби қарым-қатынастың мұндай түрлері тәжірибе алмасу және әдістемелік көмек көрсету тұрғысынан тиімді.