20.10.2021

«Өрлеу» – Ақмола тәжірибеге енгізеді

«Өрлеу» – Ақмола курстан кейінгі іс-шаралардың қорытындылары бойынша әзірленген әдістемелік ресурстарды филиалдың сайтына еркін қол жеткізу арқылы құруды практикаға енгізеді. «Өрлеу» тренері Роза Мұқанова мен Көкшетау қ. Жоғары медициналық колледжінің информатика оқытушысы Махаббат Бейсембаева бірлесіп өткізген оқыту семинарына қатысушылар құрастырған цифрлық қосымшалар рейтингісі осындай алғашқы тәжірибе болды. Іріктеудің негізгі критерийлері қосымшамен жұмыс істеу кезінде мақсаттарға қол жеткізудің тиімділігі, жеделдігі және қарапайымдылығы болды.