27.08.2021

БАҚ-та» Өрлеу » туралы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола филиалының ұжымы әрдайым облыс педагогтарымен байланыста. Бұл ынтымақтастық институт пен мұғалімдердің кәсіби жетістіктеріне жемісті әсер етеді. Біздің оқытушылар мен қызметкерлер педагогикалық қоғамдастық ұйымдастырған іс-шараларда әрқашан қалаулы қонақтар болып табылады. Бұланды ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Гүлнар Жамбасоваға аға оқытушы Гүлдана Сағындықова мен өңірдің бастауыш сынып мұғалімдерінің BULANDY AQPARAT қоғамдық-саяси газетіндегі бірлескен жұмысы туралы мақалалары үшін алғысымызды білдіреміз.