26.08.2021

«Санға» бағдармен

Педагогтерді курстан кейінгі қолдау бойынша іс-шараларды өткізу кезінде Филиал оқытушылары педагогтердің біліктілігін арттырудағы қажеттіліктері бойынша олардың арасында сауалнама жүргізеді. Филиалдың аға оқытушысы Роза Мұқанова цифрлық технологияларға оқыту бойынша институт жұмысының қорытындысы бойынша мұғалімдердің пікірлеріне талдау жүргізді және виртуалды тақталарды пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулықтар, формативті бағалау үшін Google Form, визуалдаудың онлайн – құралдарын таңдау бойынша ұсынымдар педагогтар арасында ең танымал болып табылатынын анықтады. Сұранысты зерттей отырып, біз өз жоспарларымызды түзетеміз және педагогтардың талаптарына сәйкес келуге тырысамыз.