26.08.2021

Тамыз кездесуі «Өрлеу»-Ақмола педагогтармен тікелей байланыста

Облыс педагогтерін курстан кейінгі қолдау шеңберінде 2021 жылғы 24 тамызда Бұланды ауданының білім беру бөлімінің онлайн режимінде ұйымдастырылған «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру жолдары» тақырыбында өткен  тамыз конференциясында  » Өрлеу «БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Г.М. Сағындықова «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және НОТЅ қалыптастырудағы педагогтердің зерттеу құзыреттілігі» тақырыбында сөз сөйледі.

       Бастауыш сынып мұғалімдері секциялық жұмыс барысында Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Әліппенің» алдағы 2021-2022 оқу жылының ерекшеліктері туралы оң пікірлерін білдірді.