17.08.2021

Оқыту сапасын қалай арттыруға болады

Ұзақ мерзімді қашықтықтан оқыту оқушылар білімінің төмендеуіне әкелді, бұл оларды толтыру үшін мақсатты жұмыс жүргізуді қажет етті. Біліктілікті арттыру жүйесінің алдында осы өзекті мәселені шешуде мұғалімдерге көмек көрсету міндеті тұр. «Өрлеу » БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ оқытушылары облыс педагогтеріне курстық дайындық, курсаралық жұмыс кезінде әлеуметтік желілерде әдістемелік материалдарды орналастыру және БАҚ-та мақалаларды жариялау арқылы қолдау көрсетеді.

     2021 жылдың 12 тамызында облыстық «Көкшетау бүгін» газетінде  «Өрлеу » БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ ЖжГПОӘ кафедра меңгерушісі А.Е.Зейнелованың мақаласы жарық көрді. А.Е. Зейнелованың «Оқыту сапасын қалай арттыруға болады» тақырыбындағы баяндамасында автор оқушылардың білімін толықтыру бойынша педагогтарға практикалық ұсыныстар береді.