22.07.2021

Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция жинағы «XXI ғасыр педагогы: кәсіби дамудың өзекті бағыттары»

Ақмола облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының 70 жылдығына арналған «XXI ғасыр педагогы: кәсіби дамудың өзекті бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы шықты.

             Конференция ағымдағы жылдың маусым айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы ПҚ БАИ онлайн режимінде өткізілді.

        Басылымның көлемі-750 бет. Онда келесі бөлімдер бойынша 289 мақала жарияланды: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі»; «Педагогты кәсіби-тұлғалық дамытуға ынталандырудың тиімді механизмдері»; «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру процесінің сапасын жетілдіру жолдары»; «Қазіргі білім мен ғылымның дамуындағы педагогтың маңызы».

      Материалдардың авторлары-ғалымдар, оқытушылар, білім беру саласындағы мамандар.

     Осы басылымда жарияланған зерттеу материалдары педагогикалық қоғамдастықтың кең ауқымына арналған: жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагогтарына, әдіскерлерге, сарапшыларға, ғалымдарға, ғылыми қызметкерлерге және т. б.