15.07.2021

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН САНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» сайтындағы  «Оқушылардың  білімін толықтыру аясында педагогтарға көмек» айдары жаңа материалдармен толықтырылды, олардың бірі  филиалдың кафедра меңгерушісі Зейнелова А. Е. және  аға оқытушы Муканова Р. А.  әзірлеген  «Білім алушылардың білімін толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін құралдар мен цифрлық контентті пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» болып табылады.

Жұмыста сандық құралдардың кең ауқымы, олардың нақты сипаттамасы және пайдалану алгоритмдері ұсынылған. 

Ұсынымдар біздің педагогтарға білім беру қызметінің осы өзекті бағыты бойынша оқушылармен жұмысты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі деп үміттенеміз.