01.07.2021

Курс туралы пікір

«Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ГЖМ ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы, тренер Алькенова Ботагоз Камзовна 21.06-02.07.2021 жыл аралығында ««Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық біліктілік арттыру онлайн курсын ұйымдастырып өткізді.

Қашықтан оқыту форматының қиындықтарына қарамастан, тәжірибелі, білікті тренер Ботагоз Камзовна курсты өте тиімді ұйымдастыра алды.  Курс барысында қамтылған тақырыптар мазмұны терең, толық қамтылды. Әсіресе біліктілік  арттыру кезеңінде ұйымдастырылған  «Жаңартылған білім беру бағдарламасы жағдайында оқу  бағдарламасы және оқу жоспары», «Оқушылардың белсенді оқылым дағдысын дамытуда көркем шығармаларды оқытудың ерекшеліктері» вебинарлары мен «Сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану», «Эссенің түрлері. Эссе жазудың әдістемесі» облыстық панельді пікірталастарынан менің алған материалдарым құнды, тәжірибеге бағытталған, болашақта қолдануға тиімді болды.Тренерімізден алдағы уақытта үйренеріміз әлі де көп екендігі анық. Мол тәжірибесімен, терең білімімен білім алушыларды тәнті еткен тренеріміз Ботагоз Алькенова мен «Өрлеу» институты ұжымына шығармашылық пен білімнің биік шыңдарын бағындыра беріңіздер деп, алғыс білдіремін.

   Курс тыңдаушысы, Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі

Самбаева Алмагуль Кадырбаевна