01.07.2021

Біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы пікірі

Біз 2021 жылдың 21 маусымынан  2 шілдесіне дейін қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатырмыз.

 Мұндай курстардың пән мұғалімдері үшін маңыздылығын бірден атап өткім келеді: кәсіби құзыреттілікке, тәжірибеге негізделген оқыту тиімді жүзеге асырылуда, оқытудың негізгі принципі еңбек саласына қажетті нәтижелерге бағытталған. Тренеріміз Алькенова Ботагөз Қамзақызының оқу процесі мен  сабақтарды ұйымдастыру сатысындағы кәсібилігі мен  жауапкершілік деңгейі өте жоғары. Осы курстың маңыздылығы теориялық білім тәжірибемен ұштастырылып берілуінде.  Әр күнгі оқыту жүйесі қызықты ойластырылған, өте жақсы ұйымдастырылды. Ботагөз Қамзақызының тыңдаушыларға деген қарым-қатынасы мейірімді, әр тыңдаушыға түсінушілікпен қарайды, ағалық кеңестерін айтып отырады, қамқорлық танытады. Өте білімді, салиқалы, адамгершілік қасиеті зор  тренер. Мен үшін курс өте қажет және пайдалы болды. Курс барысында берілген материалдар мұғалімге қажетті, өзекті, қызықты, пайдалы.

Ботагөз Қамзақызына шығармашылық табыс, отбасына береке-бірлік, денінің саулығын және өркендеуді тілеймін! Ұстаздарға, өз ісіне деген адалдығы үшін рахмет!

Курс ұйымдастырушы Көкшетау қаласы «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді, олар оқудың достық жағдайда өтуі үшін барлық күш-жігерін жұмсады,  бірлескен жұмыстан тек жағымды әсер қалдырды.

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Темиргалина Салтанат Гапуровна

 30.06.2021 жыл