29.06.2021

Бастауыш мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту сервистері

      2021 жылдың 28 маусымында «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» аға оқытушысы Р. Т. Абдрахманова «Бастауыш оқушыларды қашықтықтан оқыту сервистері: Zoom, Microsoft Teams, Google Meet, FreeConference, BlueJeans және т. б.» онлайн – форматында шебер-сыныбын ұйымдастырды. opiq.kz, Дарин.Online, Online Mektep және т.б., aitube «Өрлеу» арнасының медиахостингін, бейнесабақтарын YouTube видеохостингінде пайдалануды ұсынды.

     Ұйымдастырылған іс-шара Ақмола облысының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Мақсаты – заманауи IT-технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын дамыту. Іс-шараның модераторы Р.Т. Абдрахманова кіші оқушыларды қашықтықтан оқыту платформалары мен сервистерін пайдалану туралы ақпарат берді: Zoom, Microsoft Teams, «Өрлеу» арнасының Бейнесабақтары және т. б.

       Шебер сыныпта өз тәжірибелерімен Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жарсуат ауылы Негізгі орта мектебінің директоры, Бастауыш сынып мұғалімі Г. С. Отыншеева, ҚМЖ жаңа форматта жоспарлауға қойылатын талаптарды атап өтті. Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Н. Хурматбек ватцап бойынша бастауыш сынып оқушыларын оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Есіл ауданы Мәскеу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тойлан Б. Қазақ тілі сабақтарында АКТ қолдану тәжірибесін ұсынды.