26.06.2021

Педагогикалық инновациялар орталығында 70 жыл

2021 жылдың 25 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Ақмола облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының 70 жылдығына арналған «XXI ғасыр педагогы: кәсіби дамудың өзекті бағыттары» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті. Конференцияға 280 қатысушы қосылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрайымы, PhD-доктор Әсел Мұхаметжанова  құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды институттың мерейтойымен құттықтап, конференция аясында талқылауға ұсынылған мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Конференция жұмысы институт тарихына арналған «Педагогикалық инновациялар орталығында 70 жыл» бейнефильмін көрсетуден басталды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ПҒ академигі Нина Михайловна Стукаленко «Инновациялы XXI ғасыр педагогының біліктілігін арттырудың заманауи жүйесінің тренді » тақырыбында баяндама жасады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Эльмира Қалиева көшбасшылық тақырыбын педагогикалық ұжым жетістігінің факторы ретінде ашты.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Әлеуметтік-педагогикалық пәндер» кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы, ҚР ПҒА академигі  Әсия Кукубаева  Тұлғаны белсенді әлеуметтендіру мақсатында білім беруді дамытудың негізгі үрдістері туралы ақпаратпен бөлісті.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ» білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының меңгерушусі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Айгүл Каплиева  «Біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі туралы: білім беруді жетілдіруден кәсіби дамуға» тақырыбында сөз сөйледі.,

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «Педагогика, Психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының меңгерушісі, PhD-доктор,доценті,корр-мүшесі, ҚР ПҒА Гульмира Ракишеваның баяндамасында  Педагогтарды кәсіби даярлаудағы пәнаралық тәсілі туралы айтып өтті.

Татьяна Сарсенова BILIMLAND.KZ педагогтармен жұмыс бөлімінің бас әдіскері конференция қатысушыларына  BILIMLAND.KZ.  білім беру экожүйесін ұсынды

Жақсы ауданы К.Ускенбаев атындағы негізгі мектеп директоры  Гүлбаршын Тоқмурзина Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісінің сапасын жетілдіру жолдары туралы пікір білдірді

Конференция нәтижелері барлық қатысушыларға пайдалы болады деп үміттенеміз, ал ұсынылған ұсыныстар олардың әрқайсысының практикалық қызметінде өз қолданысын табады.