26.06.2021

Оқу бағдарламалары мен жоспарларына шолу

         2021 жылдың 23 маусымы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола  облысы бойынша ПҚ БАИ жоспарына сәйкес «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» атты қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған педагогтердің біліктілігін арттыру онлайн-форматтағы курсы аясында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы жағдайында оқу  бағдарламасы және оқу жоспарына шолу» тақырыбына  вебинар  ұйымдастырды. Қашықтықтан оқыту процесінде жаңартылған білім беру бағдарламасы жағдайында оқу  бағдарламасы және оқу жоспарын жүзеге асырудың  жолдарын қарастыру мақсатында жүргізілді. Вебинардың модераторы кафедрасының аға оқытушысы Алькенова Б. К. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» туралы  баяндап, «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұнымен, түйінді терминологиямен және құжаттармен таныстырды. Оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдерімен, жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігімен, қарым-қатынас дағдыларының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Вебинардың практикалық кезеңінде Самбаева А. К., Канафина Ж. С., Махыметова Ж. А., Баймагамбетова Ж. А. сабақ құрылымымен таныстырып, іс-тәжірибе бөлісті. Сол сияқты тапсырма құрудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы пікір алмасты.