24.06.2021

Институт мерейтойына

Республикалық және облыстық деңгейдегі газеттерде    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ПҒА академигі  Н.М. Стукаленконың институттың 70 жылдығына арналған мақалалары жарияланды. Мақалалар институт тарихындағы атаулы оқиғалар мен облысымыздың біліктілікті арттыру жүйесін дамытуға зор ықпал еткен адамдарды еске алуға арналған. «Білімді ел-Образованная страна» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен облыстық «Акмолинская правда» газеті редакцияларына көпжылдық өнімді ынтымақтастығы және мерейтойға жасаған керемет сыйлықтары үшін алғысымызды білдіреміз! Даңқты өткен күндердің дәстүрлерін сақтай отырып, болашаққа сеніммен қарай отыра, институт педагогтің игілігі жолындағы қызметін әрі қарай жалғастыра бермек!