17.06.2021

Үздік тәжірибелер: тәжірибе алмасу

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы Р.Т. Самуратова мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, сабақтардағы түрлі мәтіндерді шығару бойынша жұмыстың тиімді жолдары мен тәсілдерін талдау мақсатында «Тіл және әдебиет» білім беру саласындағы пәндерді оқу кезінде мәтіндер түрлерін жасау» тақырыбында  вебинар өткізді. Вебинарға Жарқайың, Жақсы, Есіл, Зеренді, Бұланды, Егіндікөл, Бурабай, Астрахан, Ақкөл, Шортанды, Қорғалжын аудандарының, Степногорск, Көкшетау қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері тіл дағдыларын дамыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа тартудың тиімді тәсілдерімен бөлісті.