16.06.2021

«Өрлеу» тікелей эфирде

    2021 жылдың 11 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ филиалының аға оқытушысы Р.А. Мұқанова Ақмола өңірлік «Көкше» телеарнасының «Әлеумет» әлеуметтік – саяси бағдарламасына қатысты.

        Роза Ақылбайқызы өз сұхбатында тілшінің мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудағы филиал жұмысының бағыттарына қатысты сұрақтарына жауап берді, ауыл мектептерінің педагогтарымен жұмыстың заманауи әдістеріне, білім беру ұйымдарының инновациялық қызметіне әдістемелік және техникалық қолдау көрсетуге егжей-тегжейлі тоқталды.