09.06.2021

Үздіктер сайысы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» аға оқытушысы Самуратова Р. Т.  ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған Тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының байқауына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Байқау облыстық тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру, әдістемелік шеберлігін анықтау, тәжірибесін сараптау арқылы ынталандыру, қолдау көрсету және марапаттау мақсатында Ақмола облысы іскі саясат басқармасының іс-шаралар жоспары аясында өткізілді. Байқау ересектерге қазақ тілін оқытудың әдіснамасына, авторлық әдістемелерге, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне арналды. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, диплом және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен бірге ақшалай сыйлықтар табысталды.