07.06.2021

Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында

2021 жылдың 4 – маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»  ZOOM платформасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін арнайы

білім беру жағдайларын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырды.

Вебинар модераторы, «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны»  білім беру бағдарламасы курсының жетекшісі Курмашева А.Н.

Ақмола облысының қалалық және ауылдық білім беру ұйымдарының педагогтері: Михайлева Л.М., Турайкина З.Н., Бұланды ауданы, Макинск қаласының №2 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері, Тургумбаева Ж.Р., Макинск қаласының №2 ЖББМ әлеуметтік педагогы, Сурикова Е. А., Целиноград ауданы, Аққайын ауылының бастауыш мектебінің меңгерушісі инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар барысында  ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың білімін толықтыру, инклюзивті практика жағдайында білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, дәстүрлі емес технологияларды пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуде тұлғаға бағытталған тәсіл, аутист балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері, инклюзивті ортада аутизмі бар оқушыларды оқыту әдістері, шағын жинақталған мектепте білім беруді басқару тәсілі ретінде инклюзия, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтендіру сияқты кең ауқымды мәселелер талқыланды.