07.06.2021

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған АКТ

2021 жылдың 03 маусымы ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған педагогтердің біліктілігін арттыру онлайн-форматтағы курсы аясында «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың

оқыту мен оқу үдерістерін жақсарту үшін тиімділігі» тақырыбына  облыстық вебинар  өтті. Вебинардың мақсаты- Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындауда және  білім беру сапасын арттыру аясында оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруде мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту.

Вебинардың модераторы ГЖМ ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы Алькенова Б. К. «Сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану (YouTube каналындағы «Өрлеу», Bilimland, Kahoot, Appslerning және т.б.).» туралы  баяндады. Негізгі баяндамашы   кафедраның аға оқытушысы, тренер  Муканова Р. А. «Оқытуда цифрлық білім беру ресурстарының тиімділігі» туралы өте ауқымды, бүгінгі пән мұғалімдеріне қажетті, құнды теориялық ақпаратпен практиканы қабыстыра отырып, жұмыс жасаудың жоладаын көрсете отырып баяндап берді.

Вебинардың практикалық кезеңінде Көкшетау қаласы  №6  мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Такибаева Н. У.  «Bilimland пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында,  Ерейментау ауданы Ажы ауылы негізгі орта мектебінен Мухамадиева А. З. «Оқытуда цифрлық білім беру ресурстарының тиімділігі» туралы, Көкшетау қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектебінен Сыздыкова М. К. «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың оқыту мен оқу үдерістерін жақсарту үшін тиімділігі» жайында,   «Ағылшын тілін оқытуда қосымша құрал ретінде интернет платформаларды қолдану» тақырыбымен Атбасар ауданы, Сепе  ауылының жалпы білім беретін мектебінен Смагулова М. С.,  сол  сияқты Мариновка №2 жалпы орта білім беретін мектебінен Жаңбыр А. Ж. «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері» туралы мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен және тың жаңа ақпараттармен бөлісті.

      Вебинар барысында ағылшын тілі пәні мұғалімдері сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдаланудың маңыздылығы мен сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы ой бөлісті. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға вебинардың ықпалы зор болды.  Вебинар тақырыбы бойынша    қатысушылар  толық, құнды жауаптар мен түсініктемелер алды.