07.06.2021

Оқытушылар жұмысындағы цифрлық технологиялар

2021 жылдың 02 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»  ПОҚ үшін  «Оқытушылар жұмысындағы цифрлық технологиялар»

тақырыбында  семинарлар сериясы өткізілді. Филиалдың IT-мамандары тыңдаушылармен интерактивті қарым-қатынас жасау үшін сервистермен жұмыс істеуге оқыту ұйымдастырды. Қатысушылар Padlet және Linoit виртуалды тақталарының мүмкіндіктерін, олардың курстық дайындықты ұйымдастырудағы артықшылықтарын талқылады.

Интерактивті қарым-қатынас жүйесі мұғалімнің жұмысына қажетті қарым-қатынастың әртүрлі формаларын біріктіреді: электрондық пошта, мәтіндік хабарламалар, оқыту және ақпараттық бейне мазмұны. Оларды пайдалану оқыту кезінде тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, сервистердің оңтайлы техникалық функциялары арқасында кері байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.