07.06.2021

Шығармашылық идеялар шеберханасы

  2021 ж.26 мамырда «Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы Ақмола     облысы бойынша ПҚ БАИ» БА курсы аясында «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша ЖжГПОӘ кафедрасының меңгерушісі А. Е. Зейнелова

 «Дене шынықтыру пәні бойынша оқу-тәрбие үрдісіндегі оқытудың белсенді түрлері және инновациялық білім беру технологиялары» тақырыбында шығармашылық идеялар шеберханасын ұйымдастырды.

        Іс-шара шеңберінде қатысушылар: Көкшетау қ. №1 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі К. И. Шамекешев, Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Д. Ю. Чарушин, Атбасар қ. №1 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі, Щучинск қ. №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Е. А. Кинева, «Көкшетау Арнайы олимпиадасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д. Е. Шарипов, Көкшетау қ. №1 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі, Н. А. Тыщенко, Бұланды ауданы Капитоновка ауылының дене шынықтыру мұғалімдері А. А. Азанов, Р. Абдулов. Ф., Макинск қаласының мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімдері дене шынықтыру сабақтарында заманауи білім беру технологияларын енгізу бойынша өз тәжірибелерін ұсынды, формативті бағалаудың қызықты тәсілдерін көрсетті, жаттығу сабақтарын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстармен және оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша сыныптан тыс жұмыстың тиімді нысандарымен таныстырды.