07.06.2021

«Өрлеу»-мен бірге-бір қадам алда

2021 жылғы 21 мамырда «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» қашықтан оқыту үшін бейне сабақтар әзірлеген облыс педагогтерін

салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бейнесабақтар оқытудың барынша тиімді заманауи түріне айналуда және біздің педагогтар Филиал оқытушылары мен қызметкерлерімен бірлесіп осы инновациялық тәжірибені алғашқылардың бірі болып игерді.
«Өрлеу» БАҰО «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» филиалының директоры Н. М.Стукаленко, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ПҒ академигі өзінің кіріспе сөзінде бііздің педагогтардың шеберлігі, креативтілігі және жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына айтарлықтай көмек көрсеткенін атап өтті.
Оқушылардың білімін толықтыру бойынша «Өрлеу «БАҰО» АҚ бастамасына Ақмола облысының 47 мұғалімі қатысып, «Өрлеу»Ұлттық орталығының YouTube білім беру арнасында орналастырылған оқыту контенті үшін 78 бейне сабақ әзірледі.