07.06.2021

Қауіпсіз және жайлы мектеп

2021 жылдың 19 мамырында «Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы Ақмола     облысы бойынша ПҚ БАИ  аға оқытушылары  А. Р. Басболатова мен  Б. С.Суюндыкова

 «Балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүруін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі» тақырыбында облыстық вебинар өткізді»

      Вебинар модераторы А.Р. Басболатова өзінің кіріспе сөзінде әлеуметтік педагог қызметінде мектептегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етудегі жұмысының маңыздылығын атап өтті.

      Іс-шараға қатысушылар білім беру ұйымында қолайлы орта құруға тікелей қатысы бар мәселелерді талқылады: отбасындағы қарым-қатынас, зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдардың психикалық денсаулығын қалпына келтіру және психологиялық қолдау, оқушылардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, көп балалы және аз қамтылған отбасылармен профилактикалық жұмыс, әртүрлі есеп түрлерінде тұратын балалармен жұмыс, Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. 

        Вебинарда Ақмола облысы бойынша «Шанс» ЖСДП психологы К. А.Сейткажина, Ақмола облысы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі Ш. С. Ибраева, Көкшетау қаласы № 17 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Г. С. Акишева, СӨСҚО психологы Н. Р. Касымжанова, Бұланды ауданы Макинск қаласы №1 орта мектебінің әлеуметтік педагогы В. И. Беккер, Ы.С Жұмабаева С., Көкшетау қаласының № 19 орта мектебінің әлеуметтік педагогы., Тауфих Амангүл, Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы № 3 мектеп-гимназиясының педагог-психологы аталған тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.