07.06.2021

География сабағында зерттеу

2021 жылдың 17 мамырында «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» кафедрасының оқытушысы Р.А. Мұқанова 

 «География сабағында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту тәсілдері» тақырыбында «Гоеграфия пәні  мұғалімдерінің кәсіби сауаттылығын дамыту»  мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы аясында вебинар өткізді.

    Вебинар жұмысына Бурабай, Қорғалжын аудандары және Көкшетау қаласы мектептерінің география пәні мұғалімдері қатысты.

      Вебинардың барлық қатысушылары өз баяндамаларында оқу үрдісінің инновациялық сипатын күшейтуге бағытталған тәжірибелік, жобалық, эксперименттік және зерттеу тапсырмаларының үлесін ұлғайта отырып, география сабағының тәжірибеге бағытталған компоненттерінің әзірлемелерін ұсынды.

     Маженова А. А. (Красный Яр ауылы №2 КСШ география пәнінің мұғалімі) Ауылдық метеостанциялар базасында оқушылардың метео құралдарды зерттеу тәжірибесімен бөлісті. Есмақова А. К. (Бурабай ауданы Щучинск қ. №11 ІТ – лицейінің география пәні мұғалімі) Оқушылардың география пәні бойынша зерттеу дағдыларын дамыту бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Кусаинова М.К. Көкшетау қ. Әл Фараби атындағы ІТ – лицейінің география пәні мұғалімі  өз сөзінде АКТ, цифрлық технологияларды пайдалану туралы баяндап берді, Мұқатова К.К. ( Қорғалжын ауданы Шалқар ауылы ЖББМ директоры, география пәнінің мұғалімі) мектеп жанындағы алаңда метеожағдаймен оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға қатысушылар  мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттырудағы тәжірибенің  маңыздылығын атап өтті.