07.06.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел

2021 ж. 17 мамырында «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры Н.М. Стукаленко

этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Филиал қызметкерлерінің қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік этика нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуы»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары талқыланды, сондай-ақ 2021 жылға жоспарланған іс-шараларға назар аударылды.