07.06.2021

Жазғы мектеп педагогтары үшін

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  Жазғы мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында негізгі пәндердің күрделі тақырыптарын зерделеу бойынша тәжірибелі-мұғалімдердің, оқытушылар мен институт қызметкерлерінің әдістемелік ұсынымдары, бейне сабақтардың конспектілері, ғылыми-зерттеу мақалалары  филиал сайтының айдарында  орналастырылған, айдар үнемі толықтырылып отырады.

Қазақстанда 2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында Жазғы мектептер жұмыс істейтін болады, олар оқушыларға мектеп бағдарламасындағы олқылықтардың орнын толтыруға және үлгерімін арттыруға көмектесуі тиіс.