07.06.2021

Табысты тәжірибенің таныстыру алаңы

2021 жылдың 12 мамырында «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Жалмұқанова Ж.У.

«Мектеп жасына дейінгі балалармен тиімді білім беру технологиялары» тақырыбында таныстырылым алаңы форматында МДББҰ музыкалық жетекшілері арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастырды. Музыкалық жетекшілер: Калиева К. А., Биртаева Н. Б., Целиноград ауданы «Жұлдыз» балабақшасынан, Мамрина Ж. И., Ю. Гагарина ат. № 33 балабақшасынан, Смағұлова Г. А., А. Ы. Алтынсарин ат. «Күншуақ»балабақшасынан., Рсаева А.М., Көкшетау қ. «Жұлдыз» балабақшасынан, Сәбитова Р. М., Көкшетау қ. «Айналайын» балабақшасынан  мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық сақтау, ойын технологияларын, классикалық шығармаларды зерделеудің және вокалдық – әншілік қабілеттерін жетілдірудің заманауи тәсілдерін енгізу бойынша өз әзірлемелерін ұсынды.