07.06.2021

Мектептегі сандық технологиялар

2021 жылдың 5 мамырында «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының оқытушысы Р.А. Мұқанова

Облыстың информатика пәні мұғалімдеріне «Информатика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында онлайн-вебинар өткізді. Вебинар модераторы қатысушыларды оқушылардың цифрлық сауаттылығындағы информатика мұғалімінің рөлі туралы хабардар етті.

    Информатиканы ағылшын тілінде оқытуда Дидактикалық ойындарды қолдану тәжірибесімен Степногорск қаласы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Е.А.Семенова таныстырды. Тест жасау үшін Google Classroom платформасын пайдалану туралы Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған (қазақ тілінде оқытатын) №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Н.А.Байсалбаев таныстырса, Информатика сабақтарында ойын технологияларын қолдану туралы Сандықтау ауданы Ұлан ауылының НОМ информатика пәнінің мұғалімі С.О.Кошелева өз тәжірибесімен бөлісті. Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясы информатика мұғалімі Д.С. Байғұтов Blockchain технологиясын іс жүзінде қолдану туралы қызықты тәжірибесімен хабардар етті. Бурабай ауданы Щучинск қаласының №8 МГ КММ информатика мұғалімі О.В. Шрейнер мектептегі заманауи ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері туралы айтып берді.