07.06.2021

Сабақты жоспарлаудың тиімді әдістері

2021 жылдың 5 мамырында  «Өрлеу «БАҰО» АҚ Ақмола филиалында «Биология пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» 

  тақырыбындағы біліктілікті арттыру   курс аясында  «Биология сабағында белсенді және интербелсенді оқыту әдістерін  пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында  онлайн вебинар өтті.

         Іс-шараның модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы   Жуманбаева А. О. болды

Вебинар барысында тәжірибелі ұстаздар сабақты жоспарлау барысында қолданып жүрген әдістерімен бөлісіп, тиімділігі туралы айтты. Сабақ барысында оқушыдарды белсендендіре отырып, биология пәніне деген қызығушылықарын қалай арттыруға болатыны туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Әріптестерімен өз жұмыс тәжірибелерімен бөліскен биология пәінің мұғалімдері: К.Ж.Алменов (Есіл ауданы, Красивый ОМ), Ш.Б.Бекбергенова (Көкшетау қаласының №17 МГ),    А.Н.Рашева (Жарқайың ауданы  Державин

қаласының Ақпан Үкібаев   атыңдағы ОМ),   Г.Е.Мукажанова (№2 Красный Яр ОМ),   Д.Г.Тукенова (Бурабай ауданы   Абылайхан атындағы Қызылағаш ОМ).