07.06.2021

Оқытушылар құрамымен онлайн-семинар

2021 Ж.05 мамырында «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» ЖжГПОӘ кафедрасының оқытушылар құрамымен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде

білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі»тақырыбында онлайн – семинар өткізілді.

Кафедраның аға оқытушысы С.С. Уалиев әріптестеріне Б. Блум таксономиясы негізінде ағымдағы бақылау, ТжКБ-де аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ұсынылатын нысанын ұсынды.

Семинарда қаралған маңызды мәселе- білім беру мазмұнын жаңарту аясында қашықтықтан оқыту форматында өтетін біліктілікті арттыру курстарында тыңдаушыларды бағалауды ұйымдастыру және өткізу.