07.06.2021

Бастауыш мектепке арналған онлайн қызметтер

«Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы А.Е. Айембаеваның

ұйымдастыруымен «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» курсы аясында бастауыш сынып мұғалімдері үшін қашықтықтан оқыту режимінде бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісін  ұйымдастырудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында шеберлік сыныптары мен вебинар өткізді. Кіші  жастағы оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған ZOOM, Microsoft Teams, Google Meet, FreeConference, BlueJeans және opiq.kz, Дарын т. б. онлайн-сервистермен әріптестердің жұмыс тәжірибесі педагогтердің ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар Online Mektep және басқа да интернет-сервистерді пайдаланудың артықшылықтарын атап өтті, тілдік дағдыларды дамыту үшін Padlet, miro тақталары арқылы оқушылардың білімін толықтыру үшін тапсырмалар құрастырудың түрлі әдістерімен бөлісті.