07.06.2021

Психологиялық жұмыстың заманауи әдістері туралы

2021 ж.28 сәуірінде «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ мектепке дейінгі тәрбие бойынша тренері Ж. У. Жалмұқанова

педагог-психологтарға «Мектеп жасына дейінгі балалармен психологтың түзету-дамыту жұмысында заманауи тәсілдерді пайдалану» тақырыбында вебинар өткізді. Іс-шарада Тогтохон Гулжайна, Целиноград ауданының «Аялы-Ай» балабақшасы, Насретхан Индира, Бұланды ауданының «Балдәурен» бөбекжайы, А.О. Тасанова, Зеренді ауданының «Балауса» бөбекжайы, Т. К. Сейтикова, Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасының педагог-психологтары өз тәжірибелерімен бөлісті.