07.06.2021

Мектептегі заманауи цифрлық технологиялар

2021 жылдың 22 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы Р.А. Мұқанова

Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 21 мұғаліміне арналған «Мектептің білім беру қызметінде цифрлық технологияларды пайдалану әдістемесі»тақырыбында  онлайн – семинарын өткізді.

    Семинар барысында қатысушылар қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеді. Семинардың негізгі міндеті қашықтықтан өзара әрекеттесу кезінде балаларды оқыту бойынша білім беру онлайн – платформаларын іріктеуде білімді жүйелеу болды. Мұғалімдер сабақта қолдану үшін интерактивті дидактикалық ойындар құруды үйренді, өздерінің білім беру ресурстарын құру мақсатында түрлі онлайн-сервистерді қарастырды. Сабаққа дайын электронды ресурстар орналастырылған LearningApps, BilimLand платформаларын зерттеуге көп көңіл бөлінді. Семинар модераторы Visme.co онлайн-платформаның мүмкіндіктерін ұсынды. Тыңдаушыларды дайын инфографикалық элементтердің бай мазмұнымен, мәтіндік материалды аудио және видео сүйемелдеу құралдарының кең таңдауымен қызықтырды.