07.06.2021

«Өрлеу» ауыл мектептеріне

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сәйкес 2021 жылғы 21 сәуірі «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында «Ақмола облысы ауылдық жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Ауыл мектебі-ел бесігі»

тақырыбында облыстық конференция  онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізілді. 

Конференцияның аясында шағын жинақты ауылдық мектептерді басқарудың қазіргі жағдайы және даму болашағы, ауыл мектебі мұғалімнің IT құзіреттілігі, шағын жинақты мектептердің оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыру ерекшеліктері және т.б. мәселелер қарастырылды.

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» оқу-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары Иманова А.Н. конференцияны ашты.

  ГЖМ ПОӘ  кафедрасының аға оқытушылары Алькенова Б.К., Самуратова Р. Т. «Шағын жинақты мектепті басқару: қазіргі жағдайы және даму болашағы» туралы ақпаратпен бөлісіп, өз тәжірибелерімен байланыстыра отырып, өзекті мәселелерді айқындады.

Конференцияға  Бұланды ауданы Алтынды ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Дүйсенова Ғ.Ж., Астрахан ауданы Жаңа-Тұрмыс ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Өмірзақ Дәулет, Астрахан ауданы Жамбыл ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Құлке А.Г.,  Бурабай ауданы  Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Есенеева Р.Е., Бурабай ауданы  Е.Смайылов  атындағы Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі мұғалімі Калиакпарова Р.Е., Көкшетау қаласы IT мектеп-лицейінің мұғалімі Жиенбаева М.К. қазіргі заман талабына сай мұғалімнің IT құзіреттілігі туралы баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференция барысында сонымен қатар ауылдық шағын жинақты мектептерде оқытудың өзекті мәселелері талқыланып, алдағы уақытта оларды шешу жолдары қарастырылды.

Конференция соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, үздік баяндамашылар  марапатталды.