07.06.2021

Басты назарда функционалдық сауаттылық

2021 жылы 21 Сәуір  «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалының «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» ЖжГПОӘ кафедрасының меңгерушісі А.Е. Зейнелова «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»

тақырыбы бойынша  ПҚБА  курсы аясында «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың зерттеу және шығармашылық қызметі» тақырыбында педагогикалық шеберханасын өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар: Д. Б. Қызырова Көкшетау қ. № 6 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Г. А. Зайцева Зеренді ауданы Алексеевка а. ЖББМ ОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Г. Б. Құдайбергенова Степногорск қ. А. Байтұрсынұлы атындағы №2 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Жакупова Н. Р Астрахан ауданы Ковыленка а.  ЖББМ  ННМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ,С. А. Венглиевская Сандықтау ауданы Ұлан ауылы,ННМ  ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Шарипова Г. Х., Кусаинова М. Х.,Щучье қаласы IT мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқушылардың функционалдық сауаттылығын белсенді ұйымдастыру бойынша, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында SMART-технологияларды дамыту, авторлық бағдарламаны вариативті компонент пен сыни ойлау әдістерін пайдалану, шығармашылық тапсырмаларды қамтитын оқушылардың зерттеу қызметін жандандыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.