07.06.2021

Ауыл – Ел бесігі»: ауыл мектептері педагогтарының тәжірибесі

2021 жылдың 20 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Дигенова курс аясында «Математиканы оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында вебинар өткізді

. Вебинар мақсаты-математика сабақтарында оқытудың тиімді әдістерін қолдану бойынша  педагогтердің білімін жетілдіру.

Вебинарға қатысушылар: Ильясова Г. К., Степняк қ.Біржан сал ауданы білім беру бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, Ермагамбетова А. С., Бұланды ауданы Алтынды ауылының жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, Емельянова Л. А., Атбасар ауданы Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, Кравец В. Н., Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, Сергеева Н. Сандықтау ауданы Приозерное ауылының жалпы білім беру мектебінің математика пәні мұғалімі болды. Мұғалімдер математиканы оқытуда: зертханалық, бағдарламаланған оқыту, математикалық модельдерді құру әдісі, эвристикалық, аксиоматикалық және т. б.  тиімді әдістерді қолдану тәжірибесімен бөлісті.