07.06.2021

Мұғалімдер тəжірибесінде STEM технологиялары

19 сәуір 2021 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы Жуманбаева А. О.  «Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» 

тақырыбындағы біліктілікті арттыру   курсының   аясында «STEM  технологиясының білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы ролі» тақырыбына  онлайн  семинар  ұйымдастырды.

Нақты әлемдегі үдерістерді компьютерлік, ақпараттық-бағдарламалық тұрғыдан жасақталған, STEM технологияларының озық түрлерінің (математикалық модельдеу, инженерлік графика, дизайн жасау, сандық зертханалар) көмегімен бақылап, зерттеп, қандай-да бір өнімдер жасауға болатынын білеміз. Ал бүгінгі күні біздің педагогтар өз тәжірибесінде қалай және қаншалықты жүзеге асырып жатқандары туралы Махамбетов Е.  Е.  Зеренді ауданы Қарлыкөл ауылының НОМ, Әкімкереева Г. Б. Есіл ауданы Есіл қалалық №3 ОМ, Ахметова А. Е. Көкшетау қаласының №2 ОМЛ, Букенова Г. К. Зеренді ауданы Айдабол ауылының ЖОББМ, Калиева М. С. Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының №1 ЖОББ мектептерінің химия пәнінің мұғалімдері көрсете алды.    

Педагогтардың STEM технологиясын тиімді қолдану құзіреттілігін арттыру мақсатында өткізілген семинарда облыс мұғалімдері STEM технологиясы туралы толық мағлұмат алды.