07.06.2021

Көркем шығармаларды оқытудың ерекшеліктері

Бүгін «Ақмола-Өрлеуде» ГЖМ ПОӘ кафедраның аға оқытушысының ұйымдастыруымен «Оқушылардың белсенді оқылым дағдысын дамытуда көркем шығармаларды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимінде облыстық  панельдік пікірталас өтті.

Панельдік пікірталаста бүгінгі ашық талқыланып жүрген тақырып, ол белсенді оқылым дағдысын  дамыту жолдары мен көркем шығармаларды оқытудың ерекшеліктеріне тоқталып, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Ұйымдастырылған іс-шара жұмысының өту форматы ерекше болды. Панельдік пікірталас 6 айдарды қамтыды. “Теориялық білім” айдарында пікірталас модераторы Ботагөз Қамзақызы «Оқушылардың белсенді оқылым дағдысын дамытуда көркем шығармаларды оқытудың ерекшеліктері» туралы нақты пікірталас құратын өзекті проблемаларды қозғап, әр спикерге сөз беріп,  түйінді ойымен  қорытынды жасап отырды. “Тәжірибелік білім” айдарында спикер Дыбыс Нұргүл Еркінқызы, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп- гимназиясы» КММ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі “Көркем шығарма оқыту жолдары” туралы, “Арқан тартыс” ойыны айдарында мұғалімдер жаңа заман ағымына сай кітап оқу тақырыбына жаңа мақал-мәтелдер ойдан шығарып, бөлісті. “Мұғалімнің жаңа педагогикалық идеялары” айдарында Бурабай ауданы, Щучинск қаласының IT мектеп – лицейінің мұғалімі Тулегенова Бибигуль Мухановна «Белсенді оқылым дағдысын дамытуда қолданатын әдіс-тәсілдер» тақырыбына пікірталас ұйымдастырса, “Мұғалімнің іс -тәжірибесі” айдарында Сандыктау ауданы, №1  Балкашино ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекишева Гаухар Толеубековна “Көркем шығармаларды оқытудың ерекшеліктері” туралы пікіралмастырды. “Марапаттау”  айдарында пікірталасқа белсенді қатысқан пән мұғалімдері марапатталды.

Панелдік пікірталаста әр мұғалім өз іс-тәжірибелерін ортаға салып, тәжірибе алмасып, оқушыларды көркем әдебиетке баулу жолдарын айқындап, ашты. Пікірталастың  мазмұны өте терең, ауқымды әрі қызықты болды.