07.06.2021

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында

Алдағы апта ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Ауыл мектептерінің педагогтері үшін курстар шеңберінде қазіргі заманғы білім берудің негізгі тақырыптары бойынша вебинарлар, шығармашылық шеберханалар, веб-конференциялар ұйымдастырылатын болады. Ауыл мектептерін қолдау филиал жұмысының негізгі бағыттарының бірі  және облыстың әлеуметтік-белсенді білім беру ұйымдары бастамашылық еткен инновациялық жобаларды оқыту мен әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру болып табылады. Бұл жұмыс қазіргі ауыл мектебіндегі білім сапасын арттыруға айтарлықтай  көмегін береді деп үміттенеміз.