07.06.2021

Бүгінгі күні оқу бағдарламасы және оқу жоспарының жүзеге асырылуы

2021 жылдың 15 сәуірікүні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

атты қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған педагогтердің біліктілігін арттыру онлайн-форматтағы курсы аясында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы жағдайында оқу  бағдарламасы және оқу жоспарына шолу» тақырыбына  вебинар  ұйымдастырды. Вебинардың мақсаты: Қашықтықтан оқыту процесінде жаңартылған білім беру бағдарламасы жағдайында оқу  бағдарламасы және оқу жоспарын жүзеге асырудың  жолдарын қарастыру.

Вебинардың модераторы кафедрасының аға оқытушысы Алькенова Ботагөз Камзовна «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» туралы  баяндап, «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұнымен, түйінді терминологиямен және құжаттармен таныстырды.

Оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдерімен, жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігімен, қарым-қатынас дағдыларының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Вебинардың практикалық кезеңінде Көкшетау қаласы  Красный Яр №1 орта білім беретін  мектебінің  мұғалімі Султанова Алмагуль Гасмановна өзінің құрған видео сабақ құрылымымен таныстырып, іс-тәжірибе бөлісті. Сол сияқты  Астрахан ауданы Новочеркас ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Казбекова Гулжан Жаксылыковна, тапсырма құрудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы пікір алмасты.  Мұғалімдер вебинарда оқу бағдарламасының оқу мақсаттар жүйесімен жұмыс жасау жолдарын, бағалау  парағын құрастырудың тиімді әдістерін, сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы ой бөлісті. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға вебинардың ықпалы зор болды.  Вебинар тақырыбы бойынша    қатысушылар  толық, құнды жауаптар мен түсініктемелер алды.