07.06.2021

Жеңімпаздарға шығармашылық табыс тілейміз!

Ақмола облысының білім басқармасы 2021 жылдың наурыз айында Ақмола облысының мемлекеттік колледждері арасында «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымы» байқауын өткізді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ директоры

, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н. М.Стукаленко қазылар алқасының мүшесі ретінде конкурсқа қатысты. Байқауға қатысуға колледждерден 16 өтінім келіп түсті.

   Ұсынылған материалдарды қарастыру нәтижесі бойынша конкурстық комиссия жеңімпазы болып «Степногорск қаласының индустриялық – техникалық колледжі» анықтады.

2019, 2020 жж. қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы Көкшетау жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қаласы, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары  Қазақ педагогикалық колледжі жеңімпаз атанды.

Байқау жеңімпазы мен байқауға  қатысушыларды құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!