25.05.2021

Менің курстан алған әсерім

2021 жылдың 12-23-ші сәуір аралығында  «Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында   педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсын өттім.

Маған ұнағаны онлайн курс жоғары деңгейде ұйымдастырылды сенбі және жексенбі күндері тренер ортақ чат құрып әр тыңдаушымен танысып, алдағы жоспармен таныстырды. Ұйымшылдық жағынан бастап сабақтардың өту жолдары өте қызықты, тартымды өтті. Біздің тренер Айгүл Оразқызының жетекшілігімен өткен курсты жоғары бағалауға болады. Курс барысында «нормативтік-құқықтар актілер, мұғалімдерді аттестаттаудағы өзгерістер, жиынтық бағалау мен қалыптастырушы тапсырмаларды құрастыру, белсенді және интерактивті әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру жайлы ақпараттар берілді.  Тренердің SMART мақсатқа тереңірек үңіліп, сабақ жопарларына көңіл бөлуі бәріміз үшін өте пайдалы болды. Курсымызда тәжірибелі мамандар мен қатар жас мамандар да қатысты.  Саралап оқыту мектеп оқушыларына ғана емес, біз сияқты тәжірибелі ұстаздарға  да тиімді екеніне көзім жетіп отыр. Тренер оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда STEM бағдарламасына тоқталған кезде, әріптестерім өз тәжірибесінде қалай жоспарласам деген оймен бөлісті. Тағы бір айта кететін жайт, тренердің әр сабақтың ұйымдастыру кезеңінде химия пәніне байланысты  қажетті есептер мен тесттер беріп, оны тез шығаруға және дұрыс орындауға барлығын қатысып отырғаны. Осы курсқа келген ұстаздар өздері дайындаған оқу жоспарының құру жолдарымен таныстырып, бір-бірімен іс тәжірибесімен бөлісіп білім қоржындарын толықтырды. Әр біреуіміз өзімізге қажетті мәліметтерді алдық. Курс барысында алған білімнің маңыздығы зор деп ойлаймын.  Бұл курстан алған әсерім көп, бәрін жазу мүмкін емес сондықтан да төтенше жағдай кезінде ұстаздарды қолдап онлайн курс ұйымдастырып отырған біздің   «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ әкімшілігіне және тренеріміз Жұманбаева Айгүл Оразқызына алғысымызды айтамыз.                                                                                                                       

Көкшетау қаласы, «Красный Яр№1 орта мектебі»  КММ

химия пәні мұғалімі   Зейнуллина Гульнара Есламбековна