20.04.2021

Дүние жүзі тарихы және құқық негіздері

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ базасында 2020 жылдың 5-16 қазан аралығында «Дүние жүзі  тарихы» және «құқық негіздері» пәндері мұғалімдеріне арналған орта білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Курстың тақырыбы қазіргі заман талабына сәйкес өте тиімді ұйымдастырылғын.  Курсқа қатысушылар теориялық біліммен қатар тәжірибе алмасып, өздік жұмыстар орындап жаңартылған бағдарлама аясындағы білімдерімізді толықтырып, шыңдаудамыз. Блум таксономиясы  бойынша жоғары ойлау дағдылары арқылы үдерісті ұйымдастыру – жоғары кәсібилікті талап етеді.   Курс жетекшісі- Уалиев Серік Султанбековичпен тәжірибе жинақтауымыз тыңдаушыларды шыңдай түсуде. Тренеріміздің  тәжірибелі маман екендігін курстың алғашқы күнінен байқадық. Жоспарланған дәрістері мықты құрастырылған. Ойымызда жүрген көптеген сұрақтарымызға нақты дәлелдемелермен жауап берді. Кейбір өзекті  мәселелер төңірегінде пікірталастарға да түстік. Серік Султанбековичке шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз.  Курс тыңдаушылары аталған курстан алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолданатынына  сенімді болыңыз.

Сагинова Куаныш Төлегенова, С. Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебі, Ақжар ауданы