26.11.2021

Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмыс ережелері

Жәнімхан Нұрилаш

«Ақмола облысы білім басқармасының

Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі
Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің» КММ

оқу ісінің меңгерушісі

1) Топтарға бөлу ережесі

1. Топтарда мұғалімдердің саны 4-6 болуы керек.

2. Топтарға өз еріктерімен бөлінуі керек, ал қажетті жағдайларда озат тәжірибелі ұстаздарға жас мамандарды міндеттеуге болады (тәлімгер, тәліп).

3. Белгіленген мерзім соңында (оқу жылы, тоқсан, ай) жасалған жұмыстардың қалайша жинақталып, есеп берілетіндігі айқындалады.

2) LS проблемасын айқындау

1. Проблеманы айқындау үшін алдымен нысаналы сынып немесе оқушы туралы мәлімет деректерді жинау қажет (социаграмма, анкета, үлгерімі, білім сапасы, кіріс сауалнамасы, т.б.).

2. Сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, психолог, тәрбие орынбасарымен әнгімелесіп, сұхбат жүргізіп, басқа да проблемаларды айқындау керек (мысалы, қиын, назардан тыс қалған, пәнге қызығушылығы жоқ немесе төмен оқушыларды анықтау).

3. Сынып немесе оқушыны LS сабағынан тыс уақытта сырттай, тікелей бақылауға болады. Сол арқылы объект немесе оқушының жеке қабілетін, қызығушылығын, даму деңгейін анықтау, зерттеу.

4. Проблема SMART тұрғысынан құрылуы керек.

5. Проблема шешімін, нәтижесін алдын-ала айқындап алу керек.

3) Коучинг ережелері

1. Топ ішінде әркімнің ойы құнды, «ССС» қағидасы сақталуы қажет.

2. Коучинг проблемасы нақты айқындалып, проблемадан ауытқымау керек.

3. Пайдаланатын тиімді әдіс-әсілдері нақты көрсетілуі керек.

4. Жинақталған нәтиже жазбаша түрде анық, мақсатқа сай, жоғары деңгейде болу керек.

5. Алға бағыттайтын күшті сұрақтарға негізделуі керек.

6. Рефлексиялық диалог, ақылдасу негізінде ұйымдастырылуы керек.

7. Қажетті ресурстар ұсынылуы керек.

4) Сабақты бірлесе жоспарлау талаптары

1. Пән мұғалімі өз жоспар жобасын ұсынуы керек.

2. LS тобы жоспарлауға түгелімен қатысады.

3. LS тобы бір-біріне сыйластықпен қарайды.

4. LS тобының мүшелері ҚМЖ-ға өзгерістер енгізеді.

5. СЖ-да көрсетілген тапсырмалардың алдын-ала айқындалған критерийлерге сәйкестігін талқылайды: тапсырмалардың деңгейі ескерілуі керек, тапсырмалар 3-4-тен артық болмауы керек, әдіс-тәсілдерді нақтылау керек.

6. Блум таксономиясының жоғары деңгейлерінде болуы керек.

7. Бақылауға алынатын оқушыларды айқындайды (А, В, С.деңгейлі оқушылар немесе шағын топтар нақтылануы керек).

8. Интервью сұрақтарын дайындайды.

9. Бақылау парақтарын дайындайды.

10. Жоспарлауды талдап, қорытындылайды.

11. Тайм менеджментті нақтылау /әр әрекетке/.

12. Бағалау критерийлерін құрастыру керек.

13. Жоспарлау жұмысы ұдайы тоқтаусыз жүріп отыруы абзал: аптасына кемінде бір сабақ ұйымдастырылуы керек.

14. Кері байланыста барлық оқушыны қамту керек.

15. СЖ-2-де кері байланыс пен нысаналы оқушылардың интервьюдегі пікірлері міндетті түрде ескерілуі керек.

16. Бөлінген көшбасшылық қағидаларын ұстану керек (топ көшбасшысы, хатшы, бақылаушы), топтағы қызметтер ауыстырылып отырғаны жөн.

17. Топтың ережесін сақтау, критерийлерді анықтау.

5) Сабақтағы бақылауды ұйымдастыру ережесі

1. Бақылау парақшасы проблема ауқымында құрастырылуы керек.

2. Бақылау оқушыға кедергі келтірмеуі керек.

3. Бақылау парақшасының бір беттен аспағаны дұрыс.

4. Бақылау парақшасы сабақ барысында толтырылуы керек.

5. Бақылау барысында фото және видео жасауға болады.

6. Түсініксіз болған жағдайларда бақыланған оқушыларға сұрақ қойып, мәселені айқындауға болады.

6) Интервью ережесі

1. Интервью 3-5 сұрақтың көлемінде болуы керек.

2. Интервью 5 минуттан аспауы қажет.

3. Интервью бақылауға алынған оқушылардан немесе топтан алынады.

4. Интервью парағы болғаны дұрыс.

5. Бақылау парағы бір бет көлемінен аспауы керек.

6. Оқушыдан интервью алу сыйластық, сенім, симпатия негізінде жүргізілуі керек, мұғалім ізетті, мәдениетті болуы керек.

7. Кез келген сұрақ «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтармен жалғасып, нақтылануы керек.

8. Интервью сұрақтарын алдын-ала құрастыру қажет.

9. Сабаққа қатысқан LS тобына кірмейтін мұғалімнен интервью алуға болады.

10. Интервью басында сұхбат алудың мақсаты мен ережелерін оқушыға жеткізу, оқушының рұқсатын алу.

11. Интервью соңында оқушыға рахмет айту.

7) Талдау

1. Талдау кезінде сабақ нәтижесінде топ мүшелері жауапты болу керек хаттама жазылады.

2. Сабақ жоспары бойынша әрбір кезеңге шолу жасау арқылы LS проблемасының шешілу деңгейіне талдау жасалады (не жақсы болғанын, оның себебін, нені жақсарту керектігін, неге мән беру керектігін, қабылданған шешімнің себебін анықтау).

3. Сабақта жоспарланған әр тапсырма талқылануы керек.

4. Оқушы іс-әрекетінің орындалу деңгейі зерделенуі керек.

5. Талқылау нәтижесінде жаңа проблема туындауы керек.

6. Жаңа проблеманың шешу жолдарын анықтау қажет.

7. Жаңа жоспар жасауға ұсыныстар болуы керек.

8. Коучингте қандай мәселе қаралу керектігін айқындау.

9. Мұғалімнің әрекеттері талданбайды.

10. Топтық жұмыс ережесін сақтау, критерийлерді анықтау.

11. Бір цикл (сабақтар топтамасы, тоқсан, оқу жылы) өткен соң мұғалімдер рефлексиялық есеп жазады.

8) СЖ-ға өзгерістер енгізу

1. Пән мұғалімі СЖ-1-ді дайындайды.

2. LS топта сабақ жоспары талқыланады, сабақ жоспары-2 құрылады.

3. Сабақ жоспарлары топтың портфолиосына жинақталады.

4. Жақсарған сабақ жоспары мектепте жарияланады (әдістемелік кабинетке үлгі ретінде ілінеді, мектеп сайтында жарияланады, т.б.).

5. Талқылау барысында хатшы ұсынылған өзгерістерді сабақ жоспарына енгізіп отырады.

6. СЖ-1 мен өзгерістер енгізілген СЖ салыстырылып, талданады. Қорытындылар басқа мұғалімдердің назарына ұсынылады