19.11.2021

Оқытудың белсенді әдістері – биология сабағының тиімділігін арттыру құралы

Жумагулова С. Н.

«№ 12 жалпы орта білім беретін мектебі» КМК

Ақмола облысы Көкшетау қаласы

Биология-тірі табиғат туралы ғылым.Оқушылар биология ғылымы арқылы нені үйренеді?Тіршілікке тән жалпы үдерістерді білуге.Тіршілік бағынатын заңдылықтардың ғылыми түсініктемесін меңгеруге.Тіршіліктің ортақ қасиеттерін түсінуге.Қажетті деректерді талдау,түсіндіру және қорытындылауға арналған ғылыми дәлелдерді пайдалануға үйренеді.

Биология пәнін оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім. Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі.

Қазіргі заманғы педагогикалық тәжірибеде алуан түрлі оқыту әдістері қолданылады. Оқыту әдістері – бұл белгіленген оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған педагог пен оқушының реттелген бірлескен қызметі.

      Әрбір оқыту әдісі белгілі бір амал-тәсілдерді қолдану арқылы іске асырылады. Оқыту тәсілі оқыту әдісінің элементі, құрамдас бөлігі ретінде қолданылады. Тәсілдің өз алдына  дербес мақсат-міндеті болмайды, ол әдіс арқылы іске асырылатын міндеттерді орындауға бағытталады. Бір тәсіл бірнеше әдісте қолдануы мүмкін. Оқытудағы нақты іс-әрекет белгілі бір тәсілдерді қамтиды. Сабақта қолданылатын тәсілдер жиынтығы сабақтың тақырыбына, мақсатына, міндетіне, түріне, кезеңдеріне, қолданылатын әдістеріне, оқушылардың іс-әрекеттеріне  байланысты болады. Сонымен қатар оқушылардың дайындық деңгейі мен нақты оқу жағдайы да ескерілуі тиіс.

Сабақты әзірлеу кезінде білімді өзектендіру, жаңа материалды зерделеу, оқыған материалды тексеру және бекіту, үй тапсырмасын тексеру,  тіпті білімді бақылау кезінде де біз көптеген әдіс — тәсілдерді қолданамыз.

7-сыныпта Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер туралы тақырыпты түсіндіру үшін

 «Проблемалық жағдай» әдісін қолдануға болады. Бұл тәсілдің мақсаты  оқушылардың ойлаудың, сөйлеудің қалыптасуына, шығармашылық қабілеттің дамуына әсер етеді, өзіндік ой-пікірін тұжырымдап дәлелдеуге үйретеді.  Мұғалім проблемалық жағдай жасап оқушыларға оны шешуді ұсынады.Бұл тәсіл оқыған материалды пысықтау барысында немесе жаңа тақырыппен танысу барысында да қолдануға болады.Мұғалім тіпті күнделікті нәрсенің өзі өзгеше ғажайып болып көрінетін көру нүктесін табады.

Мысалы:Ерте заманда Жапонияда мынадай оқиға болыпты. Император сарайына ең құнды жүк жіберіліпті. Бірнеше шхунаға өте жұқа фарфор  вазалары тиеледі. Жолда  дауыл соғып, олардың  барлық шхуналары бірыңғай суға батқан. Оқиға кедей балықшылардың лашықтары тұрған жағалауға жақын болды.Вазалар адам айтқысыз қымбат болатын, сондықтан  болар оларды қолды қылғысы келген өжеттер көп болды. Бірақ  тереңдік тым үлкен болғандықтан вазаларды иемденуге  ешбір  батылдың  шамасы келмеді. Су түбінен ешбір аумен, ешбір қармақпен, ешбір амалмен  алу мүмкін емес болды. Әрине ол кезде суасты  аппараттардың заты түгел, аты да болған емес еді. Бір қызығы араға жыл сала вазалар балықшылар лашығында пайда бола бастады.

  • Сұрақ: вазалар жағалауда қалай пайда болды?

Су асты жануарлары сегізаяқтар мен басаяқты молюскалар  тақырыбын түсіндіру үшін осы мысалды жұмбақтап алуға болады.

8-сыныпта  Асқорыту жүйесі. Тістердің құрылысы мен қызметін «Модельдеу» әдісі арқылы түсіндіруге болады.Ол үшін оқушы түсіндірме модельдерін құру қажет, қолда бар құралдардың (пластикалық ыдыстар,түрлі-түсті картондар) көмегімен тістің модельін өз қолдарымен жинау. Жұмыс істеу принциптерін іс жүзінде көрсете отырып, атауларын есте сақтап,  анықтап ,тақырыптағы негізгі түсініктерді меңгеріп алады.

 7-сыныпта Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы тақырыбын үйрену үшін  «Миға шабуыл» әдісін қолданамыз. Бұл тәсіл оқушының сөйлеу шеберлігін, шығармашылығын,жағдайды болжай алу және өзгерте алу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Қолданылуы: Сабақтың басында мұғалім жұмбақтап (ғажайып факт) жасырады, оның шешімі (түсінуге арналған кілт) жаңа материалмен жұмыс істеу кезінде белгілі болады.

Мысалы:1383 жылы Вильснак шағын герман қаласында жартылай өртенген шіркеуде қалған бидай қамырынан жасалған таба нан қан дақтарымен жабылған. Бұл дақтар кетірілді, бірақ олар уақыт сала тағы да қаптады.  Дақтардың пайда болу себебін қалай түсіндіресіз?Бұл «бактериялар» тақырыбына кіріспе мысалы: олар қолайлы жағдайда қолайлы субстратта  болып табылатын  бидай сынағында колониялар құрайды; бұл колониялар қызыл түсті болады, яғни «қанды дақтар».

7-сыныпта  Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері.Үлкен ми сыңарлары тақырыбын қортындылау кезінде «Қобдиша» әдісі қолдануға болады.  Бұл тәсіл қорытынды жасай алу және негізгі мәселені анықтай алу дағдысын  және ойлау операцияларын дамытуға бағытталған. Қобдишаға салынған  заттардың суреті мен атауы жазылған карточкаларды қолдану арқылы сабақты қортындылауға болады.

«Ойлауды визуалдау көркемдеу» тәсілі қолдағы бар оқулықтағы ақпаратпен  жұмыс істеу үшін,оқушылар ынтымақта,бірлікте жұмыс жасауға білгенін жолдастарымен бөлісуге,тақырыпты ортаға салып талқылауға,түйінді ойды саралауға үйренеді. Әдетте, сынып оқушылары топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы берілген тақырыптың бір бөлігін оқиды немесе түсіндіреді. Сөйтіп сабақтың жалпы міндетін шешуге өз үлесінқосады. Постер, Кластер(стикерлермен жұмыс). Матрица (сәйкестендіру, салыстыру.) Мандала (шеңберлі диаграммалар, нысана диаграммалары,)түрінде  ұсынуға болады.

«Алдыңа ұлы мақсат қойсаң,ұлылыққа жетесің» деп данышпан аталарымыз айтпақшы,пәнге қызықтыра отырып,білім қорын кеңейту үшін мұғалім аянбай еңбек ету керек деп ойлаймын.