10.11.2021

«Грамматикалық сауаттылық» авторлық бағдарлама вариативтік курс (7 — сыныпқа арналған)

Заңова Б.А.

Ақмола облысы Целиноград ауданы

 Софиевка ауылы жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бағыты.«Грамматикалық сауаттылық» тақырыбындағы авторлық бағдарлама жалпы білім беретін ұйымдардың 7-сыныптарына арналған жұмыс. Бұл вариативтік курстың жоспары — Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес орындалған. Бағдарлама қазақ тілі пәнінің базалық ақпараттары негізінде, соның ішінде «Фонетика», «Лексика, сөзжасам», «Морфология және Пунктуация» тақырыптарының материалдарын басшылыққа алып  жасалған. Курс аптасына 2 рет, жалпы 68 сағатқа жоспарланды.

Қазіргі таңда айналамызда ауызекі сөйлесуіміздің өзінде қазақ тілінің сөздерінің орынды қолданылуына мән берілмей жатады. Ол дегеніңіз балалар мектеп жасынан бастап сауатсыз болып, қазақ тілінің кейбір төл сөздерінің мән-мағынасына жете мән бермей өседі дегенді білдіреді. Бұл жерде қарапайым сөздің төркінін түсінбейтін балалар қалыптасады. Осы мәселе вариативтік курстың өзектілігі болып табылады.Балаларға ұлтымыздың сөздер мен сөз тіркестерінің ерекшелігін ерте жастан  бастап түсіндіре алуымыз керек. «Сөз» және «сөздің мағынасын»  ажырата алу, қарапайым мессенжерлерде сауатты жаза білу, ойын еркін жеткізе білу, әр сөзді орынды қолдана білу, яғни грамматикалық сауаттылықтарын арттыру — бүгінгі таңның негізгі мәселесі болып отыр.

Грамматикалық сауаттылық — тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.

Қазақ тіліне қатысты грамматикалық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі білімді құзіреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр.

«Қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы қоғамдық-гуманитарлық пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің ( білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз»

Бұл авторлық бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Бағдарламада қазақ тілінің фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, пунктуация бойынша тереңдетілген білім беріледі. Бұдан оқушылардың сөздің қоры, тіл байлығы молайып, ойлау, еркін жазу дағдылары қалыптасады.

Осы курсты оқуда теориялық және практикалық сабақтарды біріктіреміз, коммуникативті және белсенділік принципін ұстанамыз.  Коммуникативті-белсенділік принципі оқытушыдан түсініктемелерді, оқушылармен әңгімелесуді,библиографиялық дереккөздерді, аудио және видео материалдарды пайдалану,мультимедиа, фотосуреттер, сонымен қатар оқушылардың өз бетінше ізденуін қамтиды. Оқушылардың қызығушылықтарын, білімдерін тереңдету, алған дағдыларын бекітуге бағытталған өзіндік жұмыстар орындатамын.

Курстың жаңалығы:Күнделікті сабақтардан бөлек, вариативтік курста қазақ тілінің грамматикасын тереңдетіп оқытып, ары қарай сауатты оқып-жазуды қалыптастыру.

Курстың өзектілігі: Оқушыларға тіл білімі салалары туралы білімдерін толықтырып, олар туралы жаңа білімдермен таныстыру.

Педагогикалық мақсаты:Оқушылардың қазақ тілі грамматикасы туралы білімдерін жаңарту және тереңдету. Олардың жасалу, айтылу, естілу, үндесім және үйлесім ережелерін үйрету.

Курстың мақсаты: Оқушыларды қазақ тілі грамматикасымен жете таныстыру, сөйлеу дағдыларын тереңдету және жүйелеу,оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Оқу-әдістемелік: Қазақ тілінің грамматикасы туралы жаңа ақпараттармен танысу; ұлтымызға тән дүниелерді таныстыру .

Білімділік:

 — оқушылардың қазақ тілінің грамматикасы туралы білімдерін жаңарту;

— балалардың сөздерді  сауатты жазып, оқу туралы білімдерін жаңарту.

Дамытушылық: — сабақ барысында практикалық тапсырмаларды орындау арқылы ақыл-ой операцияларын дамытуды (талдау, синтез, салыстыру, жалпылау) жалғастыру;

 — презентация материалдарымен жұмыс жасау арқылы оқушылардың зейінін, қабылдауын дамыту;

 — оқушылардың қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік:оқушылардың сөз және мағынасына, сөйлем мүшелерін ажырата  отырып, ана тілімізге деген сүйіспеншіліктерін ояту, болашақта қазақ тілінің жанашырлары болуға үйрету.

Курстың міндеттері:

1. Ана тіліне, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру;

2. Толеранттылыққа тәрбиелеу жүйесін құру;

3. Өз Отанының тарихы мен мәдениетін зерттеуге талпындыру;

4. Ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту мен байытуға ықпал ету;

5. Дәстүрлер сабақтастығын қалыптастыру.

Курстың ерекшелігі: Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына өз ана тілінің мол қоры туралы білімдерін молайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар сабақ барысында қызықты мәліметтермен танысатын болады.

Күтілетін нәтиже: Оқу жылы қазақ тілі грамматикасымен, олардың ерекшеліктерімен жете танысудан тұрады. Қазақ тілі пәнінің көптеген жаңа ақпараттарымен танысады. Оқушылардың бойында ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін оятады.

Курсты оқу нәтижесінде оқушы:

Білу / түсіну:

 — қазақ тілінің грамматикалық ережелерімен жете танысады;

 — олардың  бір-бірімен байланысымен танысады;

 — шығу тарихымен танысу;

-сабақта жаңа білімді қорыта отырып  эссе, презентация дайындау әдістерін үйрену, жоба қорғауға дағдылану.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

«Грамматикалық сауаттылық»

(7-сынып)

Вариативтік/таңдау курсы

Авторлық бағдарламасының

тақырыптық жоспары  68 сағат

Сабақтың тақырыбыСағат саныУақытыСабақ түрі
І — бөлім. Фонетика (18 сағат)
1Кіріспе сабақ.   «Грамматикалық сауаттылық.» авторлық бағдарламасының маңызы туралы.1  Теория
2 Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуі2  
3Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуі2  
4Орфография және орфоэпия1  
5Тест тапсырмалары1  Өзіндік жұмыс
6Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал2  
7Сөзжұмбақ құрастыру1 Топтық жұмыс
8Буын және оның түрлері. Тасымал2  
9Екпін, оның түрлері2  
10Фонетикалық талдау жұмыстары1 Жеке, жұптық жұмыс
11Тест тапсырмалары1 Өзіндік жұмыс
12«Қызықты қазақ тілі әлемі»интеллектуалды ойын1 интеллектуалды ойын
13Бірінші тоқсанды қортындылау. «Мен не білдім және нені білгім келеді?» деген тақырыпта баяндама дайындау. 1  Өзіндік жұмыс
ІІ- бөлім. Лексика. Сөзжасам (14 сағат)
14Сөз мағынасы және оның түрлері1  
15 Антоним. Синоним. Омоним2  
16 Тұрақты сөз тіркестері2  
17Грамматикалық тапсырмалар1 Жұппен, топтық жұмыс
18Сөз құрамы. Жұрнақ пен жалғау1  
19Жұрнақ, оның түрлері2  
20 Жалғаудың түрлері2  
21 Тест тапсырмалары1 Жеке жұмыс
22«Қазақ тілі сөзжасамы туралы» тақырыбында презентация дайындау. 1 Өзіндік жұмыс
ІІІ- бөлім. Морфология (20 сағат)
23Сөз таптары. Зат есім.2  
24Сын есім және оның түрлері2  
25Сан есім және түрлері2  
26Есімдік және оның түрлері2  
27Етістік. Етістіктің шақтары1  
28  Морфологиялық талдау жұмыстары1 Жеке, жұппен жұмыс
29Есімше және көсемше, тұйық етістік2  
30Үстеу және оның түрлері1  
31Еліктеу сөздер2  
32Шылаулар2  
33Одағай, оның түрлері2  
34«Білгірлер» пәндік олимпиада өткізу.1 Топтық жұмыс
ІV-бөлім. Пунктуация (16-сағат)
35 Сөйлем және оның түрлері. Тыныс белгілері2  
36 Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер.Үтірдің қойылуы2  
37 Тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері арасына қойылатын тыныс белгі2  
38Оқшау сөздер, оның түрлері. Тыныс белгілері2  
39Оңашаланған айқындауыш, тыныс белгілері1  
40Төл сөз бен автор сөзі, тыныс белгілері2  
41Сызықша, оның қойылатын орындары1  
42Қос нүктенің қызметі1  
43Тырнақшаның қойылу қызметі1  
44Тест тапсырмалары1 Жеке жұмыс
45«Курстан алған әсерім»эссе жазу.1 Өзіндік жұмыс

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақ тілі. Оқулық. Астана: Арман-ПВ, 2017 – 192 б.
  2. «Қызықты грамматика» Ә.Ишмұхамедов Алматы: Рауан, 1995.
  3. «Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис: оқу құралы» Алматы, 2012.

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақ тілі. Оқулық. Астана: Арман-ПВ, 2017 — 192 б.
  2. Ғаламтор: fef550ccd8788ef4346c85bbd4434147 (1).ppt. ссылка
  3. 1986_tmD.doc Үлестірме карточкалар
  4. doc1547124200.doc Қазақ тілінен ережелер