10.11.2021

«Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті» авторлық бағдарлама курсы (10 -сыныпқа арналған)

   Бағыты: «Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті»тақырыбындағы авторлық бағдарлама курсы- жалпы білім беретін ұйымдардың 10-сыныптарына арналған жұмыс. Бұл курстың жоспары — Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес орындалған. Бағдарлама цифрлы қазақ тілі пәнінің ақпараттары негізінде, соның ішінде «Цифрлық жүйеге көшу —  заман талабы»,  «Заманауи білім берудің негізгі бағыттары», «Жаңа технология жетістіктер бастауы» тақырыптарының материалдарын басшылыққа алып  жасалған. Курс аптасына 1 рет, жалпы 34 сағатқа жоспарланды.

 Заманауи қоғамда желінің маңызы күннен — күнге артып отыр.Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім мен инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екенін ата көрсетуде.Цифрлық технология -болашаққа батыл қадам.Білім сферасындағы цифрландырудың басты міндеті- білім беру сапасын арттыру,яғни халықаралық деңгейде түрлі салаларда бәсекеге қабілетті жастарды дайындау.

    Цифрландырудағы басты мақсат- бәсекеге қабілеттіліктті арттыру,халықтың өмір сүру сапасын жақсарту,оқу- тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету.

Бұл авторлық бағдарлама балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген.Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы- болашақ ұрпақтың кез- келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып,шеберліктерін шыңдап,іскерлігін дамытып,білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды.  

Осы курсты оқуда теориялық және практикалық сабақтарды біріктіреміз, коммуникативті және белсенділік принципін ұстанамыз.  Коммуникативті-белсенділік принципі оқытушыдан түсініктемелерді, оқушылармен әңгімелесуді, библиографиялық дереккөздерді, аудио және видео материалдарды пайдалану, мультимедиа, фотосуреттер, сонымен қатар оқушылардың өз бетінше ізденуін қамтиды. Оқушылардың қызығушылықтарын, білімдерін тереңдету, алған дағдыларын бекітуге бағытталған өзіндік жұмыстар орындататын боламын.    

Курстың жаңалығы: цифрлық сауаттылығын арттыру,цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,жаңа әдістер мен ресурстарды кеңінен қолдану.

Курстың өзектілігі: Оқушылардың цифрлық сауаттылығын,ақпараттық білімдерін толықтырып, жаңа білімдермен таныстыру.

Педагогикалық мақсаты: оқушылардың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып,білімдерін шыңдау,білім сапасын артыру.

Курстың мақсаты:оқушылардың цифрлық сауаттылығын, білім сапасын арттыру,оқыту үдерістерін қолжетімді ету, сөйлеу дағдыларын тереңдету және жүйелеу, оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Оқу-әдістемелік: цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерістеріне қолдану,реттілікке,жүйелілікке үйрету.

Білімділік:

 -цифрлық сауаттылығын арттыру;

Дамытушылық: — сабақ барысында практикалық тапсырмаларды орындау арқылы ақыл-ой операцияларын дамытуды (талдау, синтез, салыстыру, жалпылау) жалғастыру;

 — презентация материалдарымен жұмыс жасау арқылы оқушылардың зейінін, қабылдауын дамыту;

 — оқушылардың қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік:жасанды интеллект,ауқымды деректер жасау барысында бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеу, қазақ тілінің  жанашырлары болуға үйрету.

Курстың міндеттері:

1. Ана тіліне, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру;

2. Өз Отанының тарихы мен мәдениетін зерттеуге талпындыру;

3. Ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту мен байытуға ықпал ету;

Курстың ерекшелігі: Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына ақпараттық сауаттылық туралы білімдерін молайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар сабақ барысында қызықты мәліметтермен танысатын болады.

Күтілетін нәтиже: «цифрлы қазақ тілі» пәнінің көптеген жаңа ақпараттарымен танысады. Ақпараттық технологиялармен тереңірек таныса отырып,ақпараттық сауаттылығын арттырады.

Курсты оқу нәтижесінде оқушы:

— сабақта жаңа білімді қорыта отырып  эссе, презентация дайындау әдістерін үйреніп, жоба қорғауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,информатика.

«Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті»

                            авторлық бағдарламасының тақырыптық  жоспары

                                                         34-сағат

                                                                               10-сынып

Сабақтың тақырыбыСағат саныУақытыСабақ түрі
             І – бөлім  Цифрлық сауаттылық — уақыт сұранысы  (8 сағат)
1Кіріспе сабақ1  
2Қазақстан –кеше және бүгін1  
3Цифрлы Қазақстан-бәсекеге қабілетті жастар1  
4Білімді ұрпақ-ел ертеңі1  
5Жастар-біздің болашағымыз1 Өзіндік жұмыс  
6Сауатты,саналы ұрпақ — ұлт келешегі1  
7Сандық технология1  
8 Цифрлық сауаттылық — уақыт сұранысы1  Баяндама немесе постер
           ІІ- бөлім Цифрлық жүйеге көшу —  заман талабы     (8 сағат)
9Цифрландыру мәселесі1  
10Электронды цифрлық Қазақстан қандай?1  
11Цифрлы технологияны енгізу1  
12Цифрлық жүйеге көшу —  заман талабы1 Өзіндік жұмыс  
13Ақпараттық технологиялардың дамуы1  
14Цифрлық сауаттылықты арттыру1  
15Экономика салаларын цифрландыру1  
16«Цифрлық Қазақстан мақсаты — өмір сапасын жақсарту»1 Презентация дайындау
         ІІІ- бөлім  Заманауи білім берудің негізгі бағыттары  (10 сағат)
17Өнеркәсіпті  цифрландыру1  
18Денсаулық саласын цифрландыру1  
19Білім беру жүйесін цифрландыру1  
20Цифрлық сауаттылық1  
21Цифрлық даму,инновациялар1 Шығармашылық тапсырма
22Өңірлерді,аймақтарды цифрландыру1  
23Цифрлы Қазақстан бағдарламасының төрт бағыты1  
24Цифрландырудың басты мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттыру1  
25Цифрлы Қазақстан- цифрлы болашақ  1  
26Заманауи білім берудің негізгі бағыттары1 Топтық жұмыс
             ІV-бөлім  Жаңа технология жетістіктер бастауы  (8-сағат)
27Цифрлы Қазақстан – жаңа жаһандық болмысқа бастар жол1  
28Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті1  
29Шығармашылық жұмыс1 Баяндама немесе мақала
30Игілігі мол цифрлы қоғам1  
31Жаңа ақпараттық оқыту технологиясы1  
32Игілігі мол цифрлы қоғам1  
33Жаңа технология жетістіктер бастауы1 Презентация
34Қорытынды сабақ1 Өзіндік жұмыс

                 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.https://ru.khanacademy.org/

Оқушылар үшін:

2.Ғылыми-практикалық конференция материалы:

    Жайлыбаева.А.

    Бағдатұлы.М

3.«Егемен Қазақстан» газеті

    Думан.А.

4. bilimdiler.kz

Ұстаздар үшін:

https://qazaqstan.tv/index.php/news/78651/
https://standard.kz/kz/post/cifrlyq-oqu-zaman-talaby
https://kopilkaurokov.ru/