10.11.2021

Қош келдің, Алтын күз

Ескараева Л. А., Курмангалиевна Ф. К.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

№20 «Zerek» балабақшасының тәрбиешілері

Барлық балалар : Күз мезгілі туралы біледі

Көпшілік балалар: Күзмезгілінің ерекшеліктерін біледі,атайды.

Кейбір балалар :Күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі, атайды. Күз мезгілінде болатын мерекелерді біледі.

Тәрбиеші: Құрметті балалар! Бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге  қош келдіңіздер
(Әуен ойналады.)
(Залға көңілсіз Бағбан  кіреді)

Бағбан : Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!                     
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін біздің қонағымыз өте көңілсіз екен. Ал балалар, Бағбан атамыз неге көңілсіз екенін сұрап білейік
Балалар:Бағбан ата    неге көңілсізсіз?
Бағбан: Менің күз мезгілінің тез бітетініне көңілсізбін. Күз мезгілі таяп қалды. Менің көкөністерім мен жемістерімді адамдар бақшадан теріп – теріп  алды. Менде енді    ештеңе    қалмады. Соған көңілім түсіп тұр. Маған көмектесесіңдер ме балалар? Менің жемістерім мен көкөністерімнің бақшада қайтадан жайқалып өскенін қалаймын.
Тәрбиеші: Балалар Бағбан атаға  көмектесеміз бе?
Балалар: Ия көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бақшаға көмектесу үшін көкөністер мен жемістерді қайтып жинай алмaймыз, сондықтaнда Бағбан атаға   көңіл көтеру үшін өнерімізді көрсетейік.   Келістік пе бaлaлар?
Балалар: Ия.
Өлең «Күз тамаша»
Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп — ойнап,
Келді міне алтын күз.

(Алтын күз кіреді)
Күз мезгілі: . Мен Алтын   күзбін. Өте еркемін. Сол нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағымды түйіп, көз жасымды аямай төгіп — төгіп аламын. Менің ақ көңілділігімді бәрі ұнатады.
Тәрбиеші: 

Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Сәбіз, картоп, кәдеш пен,
Қып — қызыл піскен қызанақ.
Қырыққабатқа қарашы,
Көкөністер бір кезде
Жиыла қалып дауласты.
Тәрбиеші: Балалар бізге «Көкөністер» тобы келіп қалыпты, қане қошеметпен қарсы алайықшы. (Әуен ойналады)
«Көкөністер дауы» көрініс
Көкөністер:
 (хор Барлығы) Жиналып қалып бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз.
Ішімізден адамға,
Тиеді көппайдамыз.
Тәрбиеші: (Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты)
Бұршақ:Алима
Кішкене түймедеймін мен,
Ұяламын мен бәрінен
Дәмді талғамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе!
Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып — қызыл болып кетті.
Қызылша: Нұржамал
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсіп қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Қырыққабат: Айжан
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат — қабат киініп,
Қырыққабат атандым
Сәбіз: Айзере: Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күлгенде.
Қызанақ: Дария
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Картоп: Санжар
Картоп біздің атамыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Пияз: Лаяна
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық — барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.,
Тәрбиеші: Бос айтысты қояйық
Дауласуды тоқтатайық.
Айболит:  Алан Е

Көкөністер бәріде,
Денсаулыққа пайдалы.
Сондықтанда бірге жүріңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
Би: «Көңілді алмалар»

Бақша: Балаллар мен сендерге өте қызықты ойын дайындап келдім.

Менімен ойнағыларын келе ме

Ойын бaрысы «Егінді жинап ал!»

Залдың бір жағында 2 жүк көлігі, екінші жағында еденге әрқайсысы 2 данадан пияз, қияр, қызанақ, қызылша және картоп муляждары орналастырылған. Ойынға екі бала қатысады. Белгі бойынша олар жүк көліктерін залдың қарама-қарсы жағына апарады, оларды көкөністермен толтырады және кері қайтады).
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, ал күз айлары қандай айлар?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша айлары

Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын:
1. Қызыл — сары кемелер,
Су бетінде қалқанды.
Соқса егер қалқиды,
Ырғалады, толқиды (жапырақ)
2. Жаздай інге тығылған,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
3. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)
4. Жайлы жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат – қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін (қырыққабат)
5. Қалдың тағы түйірлеп,
Қазып алдың үйірлеп (картоп)
Тәрбиеші: Балалар  біз Алтын күзге арнап, әдемі ән айтып берсек қалай қарайсыңдар? .
Ән: «Алтын күз»
Тәрбиеші:
 Балалар көкөністерден қалмай бізге жемістерде келіпті, соларды бір тыңдап көрелік.
(әуен ойналады)
Жүзім: Әмір
Іші толған шәрбат,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден үзіп,
Оның аты – жүзім.
Өрік: Сезім
Дөп — дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты – өрік.
Шабдалы: Ясмина
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты – шабдалы.
Жаңғақ: Айгерім
Сырты қандай қатты,
Дәмі оның тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты – жаңғақ.
Шие: Адина
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты – шие.
Құлпынай: Дамели
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша — бақ.
Күрең қызыл шіркін — ай,
Оның аты – құлпынай.
Алма: Айса
Пісіп тұрған aлмамын,
Тамсандырар бал дәмін,
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Тәрбиеші: Балалар енді Бағбан атамызға  барайықшы, көңілі көтерілді ме екен, сұрайықшы. Бағбан ата   көңіліңізді көтере алдық па?
Бағбан: Ия, балалар мен енді көңілді жүремін. Сендер мені қуанттыңдар. Бірақ менің тағы бір шартым бар. Менімен бірге  ойын ойнап берсеңдер мен оданда көңілді жүретін боламын.
Тәрбиеші: Балалар Бағбан атамен бірге ойын ойнайық
Ойын: « Бағбан  кімді aлып кетті?»
Тәрбиеші: Ендеше ойынның шарты былай балалар. Барлығымыз әдемі жүріп, әдемі би билейміз. Музыка біткенше билейміз. Ал музыка біткен соң, көзімізді жұмып, орнымызды ауыстырып, жерге отыра қаламыз. Келістік пе балалар?
Балалар: Ия.
(Музыка қосылады. Ойын ойналады. 3 — 4 баланы матамен жауып тығып тастайды. Қай бала жоғалғанын балалар айтады)
Тәрбиеші: Балалар енді қараңдаршы кім жоқ?
(ортаға себет толы алма әкелінеді. Балалардан кімнің тығылғанын сұрайды)
Алтын күз: Балалармені басқа да балабақшада балалар күтіп отыр. Менің сендермен қоштасатын уақытым келді.

Тәрбиеші:Құрметті Алтын күз. Біздің балалардың сізге арнаған әнінтыңдай кетсеңіз

Ән «Қош келдің Алтын күз»

Тәрбиеші
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді — дей келе,. келесі кездескенше сау болыңыздар.

Кейіпкерлер:

Алтын күз.

Бағбан.

Көкөністер мен жемістер.