10.11.2021

Қызықты математика

Ескараева Л. А.

Курмангалиевна Ф. К.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

№20 «Zerek» балабақшасының тәрбиешілері

Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан  қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына  өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау  қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі пішіндер, акварель,  және ленталар, жануарлар суреті, жемістер суреті және АКТ технологиясы.

Сабақтың жүру барысы:

— Бүгін бізде математика негіздері бойынша   ашық оқу –қызметі. Балалар қанекей келген қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:

 Армысың, мейірімді Аспан — Ата
Армысың, қайырымды Жер — Ана
Армысың, шұғылалы Алтын – Күн
Армысың, балабақша, дос — жаран..

Қызықтыру сәті: есіктен тықылдаған дыбыс естіледі. Тәрбиеші есікті ашып қараса « күшік »  тұр екен. Күшік тәрбиешіге сыбырлады .

Балалар мынау ақтөс ол адасып қалыпты оны иесі тауып алғанша бізбен бірге бүгінгі ашық сабағымызды тамашаласа қалай қарайсыңдар?

-Әрине.

тәрбиеші: ой Ақтөстің қолында кілемшесі бар екен қане ашып қарайық!
Балалар мынау нелердің бейнесі ?

-Пішіндер!

Олай болса Адия маған айта қойшы ең жоғарыда қандай пішіннің суреті тұр?

Батырхан шеңбердің төменгі жағында қандай пішін орналасқан?

Сұлтан мынау қандай пішін? Үшбұрыш

Үшбұрыштың жоғарғы жағында қандай пішін  орналасқан? Сопақ

Балалар байқаған болсаңыздар пішіндер екі түсте екен қандай?

Қызыл және сары

Ендеше қане сары түсті пішіндер қай жағында орналасқан?  (оң)

Ал қызыл түсті пішін қай жағында орналасқан? (сол)

Өте жақсы балалар сендерге кілемше ұнады ма?

Ия

Балалар Ақтөс сендермен ойнағысы келіп тұр ол санауды білмейді екен қане оған санауды үйретейік.  Балалар алдыларыңдағы  тақтайшаға 1-5 ке дейін ретімен орналастырамыз.  Ал тақтаға Аружан шығып 1-5 дейінгі  сандарды ретімен қойып береді.Айша қане мынау сандарды тура және кері санап берші.                                                                                                                     Дияр ағылшын тілінде санайды.                                                                                                        Аина орыс тілінде

Өте жақсы балалар. Балалар енді осы сандарды жемістердің санымен сәйкестендірсек, ол үшін маған Батырхан  келеғой.

Балалар ендеше айта қойыңдаршы Ақтөстің неше көзі бар? Санмен көрсетеміз. Неше мұрны бар? Неше аяғы бар ? ( балалар жауап береді.)

Балалар шаршаған боларсыңдар қане бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:   видео арқылы.    https://www.youtube.com/watch?v=by8NcRAsRAE

Балалар келесі тапсырма ол алдыларыңда жануарлардың суреті бар қане қарайықшы. Жануарлар нешеге бөлінеі? (Үй және жабайы)

Осы жануарларды өз мекендейтін жеріне орналастырамыз, және үй жануары қанша? Жабайы жануар қанша екенін санап көрейік. Қайсысы көп? Қайсысы аз?

Сол сәтте топқа сайқы мазақ келеді.

Сайқымазақ:Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен ақтөс есімді күшігімді іздеп жүрмін, көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе. Ақтөс адасып қалыпты, ол бізбен бірге. Келіңіз бізде математика негіздері бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметі болып жатыр.Келіңіз төрлетіңіз.

Сайқымазақ: Ооо қандайтамаша олай болса мен сендермен математикаға байланысты бір ойын ойнасам бола ма?

-Әрине.

Ендеше ойынды жақсылап ойнасаңдар сендермен бір сиқыр жасайтын боламыз.

Келіңдер ойын ойнаймыз.

Ойын: Шығыршық  түсіне байланысты пішіндерді жинау.

Тамаша балалар енді сиқыр жасауғада болады. Мынау ақ қағаз осы ақ қағазды бояумен бояймыз сонда бір сиқырлы бейне пайда болады .

Сиқырлы сәт: Балалар ақ қағазды акварельмен бояғанда қағазда сандар пайда болады. Балалар әр қайсысы өзінен пайда болған санды атап сол санның көршісі қай балада екенін табу керек .

Тәрбиеші: Сайқымазақ, ақтөс бүгінгі біздің оқу қызметімізде сіздердің қатысқандарыңызға рақмет. Енді балалар ақтөске және сайқы мазаққа бір сыйлық сыйласақ мұнда көптеген ленталар тұр осының ең жалпағын сайқымазаққа ең  жіңішкесін ақтөске сыйласақ қане маған жуан жіңішкені ажыратуға көмектесіп жіберсеңдер.

Балалар ажыратып сосын ленталарды сыйлайды.Сайқымазақ пен ақтөс шығып кетеді.

Қортынды: Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік. Біз енді пішіндерді білеміз. (Бірге қайталау) 1 — ден 5 – ке  дейін тура және кері санаймыз танып ажырата аламыз көршісін атай аламыз. Ауызша 1-ден 10ға дейін тура кері санаймыз. (Бірге қайталау) – Жалпақ жіңішкені –ұзын-қысқаны ажырата аламыз. Түстердің барлығын білеміз.Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.