08.11.2021

Ағылшын тілін оқытуда қолданылатын ойындардың маңыздылығы

Сартаева С. М.

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

«Ақмола облысы білім басқармасының

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі

Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысы технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Дәстүр бойынша ойын сабақ басталмас бұрын, не болмаса сабақтың арасында қолданатын амал болып табылатын, алайда қазіргі таңда ойын әдістері  сабақтың маңызды бір бөлігі бола алады. Әрине, ойын толығымен оқушының дәстүрлі формалары мен әдістерін алмастыра алмайды, алайда орынды түрде толықтырып, белгілі бір сабақтың және толық бір оқу процесінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге болысады. Оқытудың осы бір түрі білім берудің маңызды міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі:

  • қызығушылық пен мотивацияны арттыру;
  • берілген ақпаратты бекіту;
  • сыни көзқарастарды және талдай білуді дамыту [1].

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылы 23-тамызда бекітілген №1080  бұйрығымен бекітілген  Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес шетел тілінен оқу бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама сүйене отырып, біз ең алдымен 3-сынып оқушылары меңгеруі тиіс қатысымдық материалды анықтап алдық [2]. 

Қатысымдық материал(2 және 3 — кестелер):

  1. айтылым (диалогтық сөйлеу):

этикеттік сипатта диалог жүргізе білу дағдысын дамыту, диалог – сауалнама, пікір алмаса білу;

этикеттік сипатта диалог жүргізудегі тілдік қабілеттер (әңгімені бастау, қолдау, аяқтау; алғыс білдіру), диалог көлемі – әр сөйлеушіден кем дегенде 3-4 сөйлем;

диалог-сауалнама жүргізудегі тілдік қабілеттер (ақпаратты хабарлауы және сұрауы Who/What is this? How old is/are …? Do you …? Does she/he/it …? How is/are …? When? Where? Can/ May you …? Is/ are there…? How do you get to school …? How many / much do you…? ), диалог көлемі – әр сөйлеушіден кем дегенде 3-4 сөйлем;

  • монологтық сөйлеу:

нақты тақырыптық ситуация шеңберінде (өзі, достары, ауа райы, сабағы,  мектебі туралы ақпарат жеткізуі, мектеп, қала, ауыл, көрнекті жерлерді сипаттама беру, қоршаған ортаға эмоционалды-бағалаушылық қатынасын білдіруі) әңгіме құра білу дағдылары;

  • тыңдалым:

мұғалімнің, сөйлесушінің, диктордың  сөздерін әрі қарай қабылдай білу қабілетін дамыту, әрекеттерді орындауға берілген нұсқауларын саналы түрде қабылдау, 3-сынып оқушыларының қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай келетін  аудио-, видео-материалдардың негізгі мазмұнын түсіну;

  • оқылым:

оқу техникасының дамуы (дыбыстарды айтумен жұмыс, дауыстап оқу, бейтаныс контекстегі мәтіннен таныс сөздерді табу, қысқаша әңгімелер, ертегілер, комикстер, тақпақтар, санамақтардың мазмұнын түсіне білу дағдыларын дамыту );

«Сиқырлы шеңбер». Бұл лексикалық ойын балалардың сөздік қорын арттыруға көмектеседі. Тағамдардың суреті бар шаблон дайындаймыз. Басқа парақ дәл осындай шеңбер қиып аламыз  да, бір секторын кесіп аламыз. Екі шеңберді бір-біріне бекітеміз.  Жүргізуші кубикті лақтырады да, қандай сан түссе, үстіндегі шеңберді сонша суретке жылжытады. Ашық жерден сурет шығады. Жүргізуші оқушыға сұрақ қояды:   Would you like some cheese? Егер суретте ірімшік болса, жауап беруші жүргізушімен ауысады, егер таппаса, ойын жалғасады. Басқа шаблондармен оқушыларды ойнатуға болады: Is it a monkey? Have you got a mother? Do you like to eat apples? Can you jump?

Кімнің күні ашық? Топ басшылары алға шығады. Тақтада екі дөңгелек сызулы тұрады, олар екі жануарды сипаттайды. Әрбір дұрыс айтылған сөйлем бір ұпай немесе күннің сәулесі болып саналады. Кімнің күнінің сәулесі көп, сол топ басшысы жеңеді. 

Кім сандарды жақсы біледі? Әр топтан бір топ мүшесі шығады, тақтада сандар араласқан түрде жазылып тұрады. Жүргізуші санды атайды, оқушы оны тақтадан тауып, түрлі-түсті бормен дөңгелектейді. Кім көп санды дөңгелектейді, сол ұтады.

Шапалақ. Екі топтың мүшелері шеңбер жасап, жүргізуші ортасында тұрады. Ол үй және жабайы жануарларды араластырып атайды. Балалар жабайы жануарды естісе бір рет, үй жануарын естісе екі рет шапалақтайды. Кім қателессе, ойыннан шығады. Қай топта көп ойыншы қалады, сол ұтады.

Фоторобот жасау. Сынып үш топқа бөлінеді, әрқайсысы полиция бөлімшесі болып саналады. Үш жүргізуші сайланады. Олар полиция бөлімшесіне жоғалған досы немесе туысын тауып беруді өтінеді. Жүргізуші олардың срт келбетін сипаттайды, ал балалар соған сәйкес сурет салады. Егер  сурет сипаттамаға сай болса, жоғалған адам табылады. Жүргізуші: I can`t find my sister. She is ten. She is a schoolgirl. She is not tall/ Her hair is dark. Неr  eyes are blue. She has а red coat and a white hat on.

Жоғарыда   көрсетілген  ойын түрлері  мен әдіс-тәсілдерін  қарастыра  келе, мынадай  ой тұжырымдадық: бастауыш сыныпта шет тілін ойын арқылы үйрету оқушының оқуға деген мотивін оятуға, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуге, өзіндік іс-әрекетінің мақсатын қалыптастырып, оның нәтижелерін алдын-ала болжауға үйретеді.

Бастауыш сынып оқушыларының  ағылшын тілін үйрену үрдісінде  өз  ойларын  жеткілікті  дәрежеде  жеткізе  алмауы  сөздерді  айтуда  қателесемін  деген  ой  туындауында. Жоғарыда ұсынылған ойындар бағдарлама бойынша қатысымдық материалдарды жеңіл әрі, тез меңгеруге көмектеседі. Activ studio немесе  Power Point бағдарламаларын қолдана отырып ойналатын ойындар  шет тілін оқуға деген белсенділікті арттырды. Тілдік және коммуникативтік ойындар  оқушылардың таным әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндік берді және оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытты.

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы — 2011ж.

2 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012.                  

3 Тюлекова З.Ғ. Бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу. Пед. ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін орындалған диссертация. Алматы, 2002.

4 Әмірова Ә.С. Дидактика: Оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ: «Ұлағат» баспасы, 2013. – 304 б